"80 пайыз дегенім мен көрген 10 оқиғаның 8-і деген сөз": Зайытов намазхандарға байланысты айтқан сөзін түсіндірді

Парламент Мәжілісінің депутаты, танымал айтыскер-ақын Ринат Зайытов намазхандарға байланысты айтқан даулы мәлімдемесіне қатысты шұғыл сұхбат берді.

Мәселенің мән-жайын депутат "Abay Live" YouTube жобасына берген сұхбатта айтқан, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Мен көзбен көргенді айттым. Ресми статистиканы да сұратуға болады. Менің айтып отырғаным бар факт. Қаржылық пирамидалар, қажылыққа парамыз деп лақтырғандар, ақшаңды көбейтемін дейтіндер, түрлі эфирлер жүргізетіндердің ісі - алаяқтық. Мұндай адамдар бар, жоқ емес. Бірақ, ең үлкен мәселе менің айтқан әңгімемде емес, мәселе бұл тақырып неге солай тарады? Бізде қазір мемлекетте дін тақырыбын пайдаланып, бүлік жасағысы келіп отырған топтар бар. Мен мұны анық білемін. Оларға неғұрлым осы шум керек. Жылда хиджаб мәселесі көтеріліп басылатын. Биыл неге басылмай жатыр? Үкіметтен шешімін таппай жатыр? Өйткені, ол әңгіме керек болып тұр. Содан намазхандардың 80% алаяқ деп сөзді өзгертіп, ортаға тастай салды", — дейді депутат.

Сондай-ақ, ол 80% алаяқ деген мәлімдемесінің астарын да түсіндірді.

"Мен ақталмаймын. Кім қалай түсінді солай. Айтылған сөз менің аузымнан айтылды. Мен одан кетемін, қашамын деп отырған жоқпын. 80% дегенім мен көрген 10 оқиғаның 8-і деген сөз. Мен көрген 10 алаяқтың 8 намаз оқиды. Қазір бұлар діншіл адамдарды мемлекетке қарсы пайдалану үшін бір топқа жинау керек. Хиджабтан басталып, маған ұласты. Қазір алдын алмаса, мемлекет болып шешім шығармаса, бұл мұнымен тоқтамайды. Олар қазір өте бір танымал тұлға немесе лауазымды тұлғаны видео, аудио арқылы арнайы мәлімдеме жасатқызады. Шынайы құлшылығын жасап жүрген қазақтар бұл сөзді мүлде қабылдамау керек еді. Құрметті ағайындар, сіздерді қандай да бір тақырыпқа, қандай да бір дауға арандатып жатса, демек бұл біреуге керек деген сөз. Ендігі күтіп отырғандары менің мүләйімсіп кешірім сұрап, одан кейін мынау өтірікші, екіжүзді деп әкету. Кешіріп қойыңыздар, менің оған уақытым жоқ", — дейді ол.

Казахстан на пороге цифрового скачка: ИИ может добавить к ВВП до $20 млрд

ффект от цифровизации и внедрения ИИ может составить от $14 млрд до $20 млрд к ВВП, передает LS. ...

  • 05.12.2025

17 телефонов пытались пронести в уральское учреждение УИС. Попытка провалилась

В Уральске военнослужащие воинской части 5517 Национальной гвардии совместно с сотрудниками Комитет ...

  • 05.12.2025

Бейбарыс Каблан получил поздравление от президента Казахстана

Глава государства Касым-Жомарт Токаев поздравил чемпиона мира по таеквондо Бейбарыса Каблана, пер ...

  • 03.12.2025

Казахстан представил яркий национальный стенд на международной благотворительной ярмарке

Фото: Gov Президент Северной Македонии посетила казахстанский стенд на диплома ...

  • 03.12.2025