ШҚО-да орманда саңырауқұлақ теріп жүрген 83 жастағы әже адасып кеткен

Шығыс Қазақстан облысында орманда саңырауқұлақ теріп жүріп адасып кеткен 83 жастағы әже аман-есен табылды.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Самар аудандық полиция бөліміне хабарласқан қыз 83 жастағы әжесінің жоғалып кеткенін айтып, көмек сұраған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, олар туыстарымен бірге саңырауқұлақ теру үшін орманға барған. Бір сәтте көзден таса болған әжесі жоғалып кеткен.

Өздері бірнеше сағат бойы іздегенімен одан еш нәтиже болмады. Содан кейін туыстары полицияға хабарласуға шешім қабылдаған.

«Тәртіп сақшылары іс-қимыл жоспарын құрып, орман алқабында іздестіру жұмыстарына кірісті. Соның нәтижесінде, бір сағат ішінде зейнеткер аман-есен табылды. Немересі әжесін тапқан полицейлерге шын жүректен алғыс білдірді», — делінген ақпаратта.

Казахстан и Азербайджан проводят учения на Каспии

В Актау стартовали совместные военно-морские учения Казахстана и Азербайджана “Каспийский бриз-2025”. К ...

  • 17.06.2025

Казахстанцы получили новые рекомендации в связи с жарой

В связи со штормовыми предупреждениями по Казахстану на 17–20 июня спасатели дали ряд важных советов, пе ...

  • 17.06.2025

Царь-рыба возвращается в Иртыш

Объёмы выращивания рыбопосадочного материала для возрождения популяции сибирского осетра растут ...

  • 14.06.2025

Центр нейрохирургии — пример интеграции медицины, технологий и науки в Казахстане

Фото: UKIMET Заместитель Премьер-министра РК Ермек Кошербаев посетил Национальный цент ...

  • 12.06.2025