"Мұсылман қызға орамал тағу - парыз": ҚМДБ мектепте хиджаб кию мәселесіне қатысты пікір білдірді


Жыл сайын оқу басталар кезде мектепте орамал тағу тақырыбы көтеріледі. Биыл да бұл мәселе біраз талқыға түсті. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мектептегі киім үлгісіне қатысты мәлімдеме жасады.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

ҚМДБ өкілі Ағабек Қонарбайұлы шариғат бойынша қыз бала балиғат жасына жеткенде, орамал тағуы парыз екенін жазды.

"Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы оқушы қыздардың мектепке орамал тағып баруына қатысты туындаған мәселеге өз мәлімдемесін жариялайды. Иманды, білімді ұрпақ тәрбиелеу — әрбір ата-ананың басты мақсаты. Шариғат бойынша балиғат жасына толған мұсылман қызға орамал тағу — парыз. Сол секілді білім алудың да үкімі — парыз", — дейді Ағабек Қонарбайұлы.

Сонымен қатар, ҚМДБ мәлімдемесінде балиғат жасына жетпеген жағдайда шариғат бойынша орамал тағу міндеттелмейтіні де айтылған.

"Мүфтият шариғат бойынша балиғат жасына толған мұсылман қызға орамал тағу парыз екенін жоққа шығарған емес. Сондай-ақ, орамал тағу — ұлттық дәстүріміз. Мұны мұсылман қауымы терең түсінуі тиіс. Алайда шариғатымыз балиғат жасына толмаған қызға орамал тағуды міндеттемейді. Мұны да мұсылман жамағаты дұрыс түсінуі керек. Жыл сайын жаңа оқу жылы қарсаңында оқушы қыздардың мектепке орамал тағып баруына қатысты қоғамда түрлі пікірлер айтылады. Бұл мәселе мүфтият қызметкерлерін де бейжай қалдырмайды. ҚМДБ өз құзыреті аясында бұл мәселеге қатысты уәкілетті мемлекеттік мекемелерге тиісті ұсыныстар берді. Мұсылман жамағатының өтініші ескеріліп, оң шешім қабылданады деп үміттенеміз", — деп жазды ол.

Еске салайық, бұған дейінгі Үкімет отырысында Ғани Бектайұлына "хиджаб киюуге рұқсат бересіздер ме, жоқ әлде бермейсіздер ме" деген сұрақ қойылған болатын. Министр бұл сұраққа жауап беруден жалтарды.

"Біз бірнәрсені түсінуіміз керек. Біз бәріміз оған келістік, Конституцияда жазылған, біз зайырлы мемлекетпіз. Сондықтан Конституцияға сәйкес мектептерде өмір сүруі керек деп есептейміз", — деген еді шенеунік.

Казахстан на пороге цифрового скачка: ИИ может добавить к ВВП до $20 млрд

ффект от цифровизации и внедрения ИИ может составить от $14 млрд до $20 млрд к ВВП, передает LS. ...

  • 05.12.2025

17 телефонов пытались пронести в уральское учреждение УИС. Попытка провалилась

В Уральске военнослужащие воинской части 5517 Национальной гвардии совместно с сотрудниками Комитет ...

  • 05.12.2025

Бейбарыс Каблан получил поздравление от президента Казахстана

Глава государства Касым-Жомарт Токаев поздравил чемпиона мира по таеквондо Бейбарыса Каблана, пер ...

  • 03.12.2025

Казахстан представил яркий национальный стенд на международной благотворительной ярмарке

Фото: Gov Президент Северной Македонии посетила казахстанский стенд на диплома ...

  • 03.12.2025