Автогаз бағасының өсуі үш жылға созылады


Қазақстанда сұйытылған газ бағасын жарты жылда 5-6 теңгеге көтеру жоспарлануда, деп хабарлайды LS.

Энергетика вице-министрі Әлібек Жамауовтың айтуынша, қазіргі уақытта автогаз тапшылығы айына 10-15 мың тоннаны құрайды.

"Энергетика министрлігі 2024 жылдың I тоқсанында газ бағасын кезең-кезеңімен көтеруді жоспарлап отыр. Біз сұйытылған газ бағасының литріне шамамен 5 теңгеге өсуін күтеміз. Сонымен, үш жыл бойы әр алты ай сайын бағаның өседі", – деді ол.

Сонымен қатар, вице-министр жағдай бензинге де әсер ететінін тілге тиек етті, оның бағасы да қымбаттайды. Естеріңізге сала кетейік, LS тілшісімен сұхбат барысында сарапшылар автогаз тапшылығы отын қоры мен құнына әсер етуі мүмкін деген алаңдаушылық білдірді.

Жамауов бұл газ өңдеу зауыттарын жаңғырту және халықты автогазбен қамтамасыз ету үшін қажет екенін айтты.

"Бүгінде елімізде сұйытылған мұнай газы қоры айына шамамен 130-135 мың тонна. Тұтыну – 140-145 мың тонна. Соңғы жылы 300 мыңнан астам автомобиль сұйытылған мұнай газына ауыстырылды, нәтижесінде өндіріс көлемі артты. Осыған байланысты біз бірқатар шаралар қабылдадық. Елімізде сұйытылған мұнай газының тапшылығын жабу бойынша жедел әрекет ету мақсатында 13 қарашадан бастап экспортқа толық тыйым салдық. "ҚазРосГаз" компаниясымен келіссөздер жүргізілді ол республикаға көмек көрсетуге және келесі жылдың басынан бастап Орынбор мұнай өңдеу зауытынан қажетті газ көлемін қайта бағыттауға ниет білдірді. Олар бізге көмектесуге дайын. Алдын ала – жылына 90 мың тоннаға дейін газ", – деді ол.

Орынбор зауытынан қайта бағыттаудың басталуы – 2024 жылғы қаңтарға жоспарланды, деп нақтылады вице-министр.

"Тапшылық ішкі ресурстарымызбен жабылса, онда газ көлемін қайта бағыттауды тоқтата тұрамыз. Әзірге біз олармен бір жылға келісімге отырамыз. Әрі қарай уақыт көрсетеді", – деді Жамауов.

Оның айтуынша, "ҚазМұнайГаз" үлесінен ішкі нарыққа тағы 10 мың тонна газ жіберілген.

"Жыл соңына дейін келісім бар. Ертең біз келесі екі жылға қосымша 10 мың тоннаны қамтамасыз ететін тағы бір құжатқа қол қоямыз. Ай сайын 10 мың тонна", – деп түйіндеді ол.

Айта кетейік, Қазақстанда автогаз тапшылығы күтілетіні туралы жарияланған болатын.

Топ-5 бюджетных полноприводных кроссоверов из Китая

С появлением в Казахстане китайского автопрома выбор машин стал чрезмерно велик. В каждой категории ...

  • 08.07.2025

Ремонт на ПНХЗ: на АЗС стал пропадать АИ-95

18 июня на Павлодарском нефтехимическом заводе начались планово-предупредительные работы. А уже в н ...

  • 06.07.2025

Жапаров выступил против изменения статуса русского языка в Кыргызстане

Президент Кыргызстана Садыр Жапаров в интервью агентству «Кабар» заявил, что не поддерживает предложения ...

  • 05.07.2025

В Турции - новая волна громких задержаний

Сразу несколько мэров от оппозиционной Народно-республиканской партии (НРП) были взяты под стражу в Турц ...

  • 05.07.2025