Синоптиктер 10 облыста ескерту жариялады

17 қарашада Қазақстанның 10 облысына ауа райына байланысты ескерту жарияланды.

Қызылорда облысының батысында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың шығысында жылдамдығы 15-20 м/с, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.

Күндіз Атырау облысының батысы мен оңтүстігінде қатты жаңбыр жауады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман түседі. Атырауда кей жерлерде қатты жаңбыр жауады. Түнде және таңертең тұман.

Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде және орталығында түнде және таңертең тұман түседі. Жел солтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, орталығында 15-20 м/с. Ақтауда 17 қарашада таңертең тұман түседі. Жел солтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында, Орал қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі.

Ақтөбе облысының солтүстігінде түнде көктайғақ болуы мүмкін. Облыстың солтүстігі мен шығысында тұман түседі.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың солтүстігі мен шығысында көктайғақ болады. Облыстың батысы мен оңтүстігінде тұман түседі.

Түркістан облысының солтүстігі мен батысында оңтүстік, оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады. Түркістанда күндіз оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде және шығысында тұман. Түнде және таңертең облыстың батысы мен солтүстігінде көктайғақ болуы ықтимал. Көкшетауда түнде және таңертең тұман.

Абай ауданының батысында, солтүстігінде және орталығында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғып, екпіні 23 м/с жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде және орталығында шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20, екпіні 23 м/с жетеді.

В Краснодаре прошли обыски по делу лидеров криминальной группировки

@ Сергей Фадеичев/ТАСС Польша понимала, что Александра Бутягина на Украине жд ...

  • 29.04.2026

В Казахстане ликвидировали один из крупнейших теневых криптосервисов СНГ

Финмониторинг Казахстана ликвидировал криптообменник RAKS Exchange В Казахстане ликвидир ...

  • 29.04.2026

Мощный удар по России: Эмираты вышли из ОПЕК+. Кто и зачем разрушает мировой рынок нефти

Объединённые Арабские Эмираты разрывают соглашение с ОПЕК и ОПЕК+. Мировой энергетический рыно ...

  • 29.04.2026

Режим «Беспилотная опасность» и закрытое небо: как Пермь пережила утро 29 апреля

Утро в Прикамье началось с тревоги. Около 7 утра губернатор Дмитрий Махонин объявил режим бесп ...

  • 29.04.2026