Астанада Президент шыршасы өтті

Бүгін Астана қаласындағы «Астана опера» театрында Президент шыршасы өтті.


Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы BAQ.KZ-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Шыршаға аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан, оқуда, спортта жетістікке жеткен 100-ден аса бала қатысты.

Балаларға арналған түрлі қойылым, мультфильм кейіпкерлері және супер қаһармандардың қатысуымен ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылды.

Мерекелік шарада Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан құттықтап, арнайы сыйлықтар табыстады. Арнайы қапшықтың ішінде балаларға арналған сөмке, айпад, энциклопедия кітаптар топтамасы және тәттілер бар.

Әр өңірден келген балалар 3 күн бойы Астананың әсем жерлерін аралап, театрдағы түрлі қойылымдарды тамашалаған.

"Біздің министрліктің мақсаты еліміздегі балалардың жүзінен күлкі кетпеуін, бақытты балалық шағын қамтамасыз ету. Бүгінгі мереке әрбір баланың көңіліне үлкен қуаныш пен үміт сыйлауы керек деп ойлаймын. Мерекелік іс-шараға арнайы ерекше топтағы, көпбалалы, инклюзивті топтағы, ерекше білімді қажет ететін балалар қатысты.Бұл әр жылдағы дәстүрлі мереке. 20 өңірден әртүрлі балалар келіп отырады. Бұдан бөлек дәл осындай тізімдегі оқушылар әр облыстағы әкімдердің қатысуымен ұйымдастырылған Президент шыршасына да шақырылды", — дейді Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев.

Президент шыршасын қатысып жатқан оқушылардың да көңіл-күйі ерекше.

"Маған жаңа жылдық кеш қатты ұнады. Президент шыршасына алғаш рет қатысып тұрмын. Мерекелік кеште аниматорлар ұнады, сонымен қатар бізге аяз атаның берген сыйлықтарына алғыс айтамын. Мен бүгінгі кешке ән дайындап келдім", — дейді Кәусар Алмасқызы.

Во Владивостоке ребёнок устроил ДТП с пятью автомобилями

Фото: Telegram/prim_police В Первореченском районе Владивостока полиция выясняет обст ...

  • 15.06.2026

Лукашенко заявил, что Москву при отводе войск от Киева обманули Ватикан и израильское лобби

Российское руководство было введено в заблуждение, когда отводило силы от Киева, считает президент Бе ...

  • 15.06.2026

Лукашенко рассказал, когда может завершиться конфликт на Украине

Конфликт на Украине может закончиться уже в текущем году, заявил белорусский лидер Александр Лукаше ...

  • 15.06.2026

СИЗО в Кургане попыталось передать государству невостребованные вещи бывших арестантов

Руководство СИЗО-1 в Курганской области намеревалось передать в доход государства невостребова ...

  • 15.06.2026