Ірі фермерлер заңсыз алынған жерлерді мемлекетке қайтарды


Қазақстанда сот арқылы 434 мың гектарға жуық жер учаскелері қайтарылмақ. Мұндай деректерді LS-ке ауыл шаруашылығы министрлігінде айтты.

Редакцияның сауалына жауапта биылғы жылдың басынан бері пайдаланылмай жатқан және заңсыз берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы 685,8 мың гектар жердің елге қайтарылғаны хабарланды. Оның 69,5 мың гектары заңсыз берілген.

"Бүгінгі таңда сот органдарының қарауында 433,8 мың гектар аумақ бойынша 64 материал бар", — делінген министрлік жауабында.

Жалпы, осы жылдың соңына дейін Қазақстанда 2 млн га ауыл шаруашылығы жерін мемлекеттік меншікке қайтару жоспарлануда.

2022-2024 жылдары 243 ірі фермерден 4,69 млн га пайдаланылмаған және заңнаманы бұза отырып берілген жерлер тәркіленген, бұл ел бойынша қайтарылған барлық учаскелердің 44%-ын құрады. Министрлікте 2022-2023 жылдары қайтарылған жерлер туралы айтылды.

Өткен жылы Қарағанды облысында бір пайдаланушыға тиесілі 51,4 мың га қайтарылды. Дәл сондай заңсыз берілген 15 мың га Ақмола облысында қайтарылды.

Алматы облысында бір жер пайдаланушыдан сот арқылы 29,2 мың га тәркіленді.

2023 жылы Жамбыл және Қызылорда облыстарында жалдау мерзімінің аяқталуына байланысты тиісінше 12 мың га және 29,1 мың га қайтарылды.

Тағы үш өңірде жер учаскелерін жер пайдаланушылар ерікті түрде қайтарды. Абай облысында – 59 мың га, Ұлытау – 54 мың га, БҚО – 26 мың га.

Сонымен қатар, 2022 жылы келесі ауылшаруашылық учаскелері тәркіленді:

  • Қарағанды облысында бір жер пайдаланушыға тиесілі 1 млн га жалдау шартын ерікті түрде бұзу туралы келісім бойынша қайтарылды;
  • Маңғыстау облысында 168,9 мың га өз еркімен қайтарылды;
  • Атырау облысында жалдау мерзімі өткендіктен 70 мың га қайтарылды;
  • Ақмола облысында 62 мың га – ерікті түрде жалдау шартын бұзу туралы келісім бойынша қайтарылды;
  • Солтүстік Қазақстан облысында 49,5 мың га (бір жер пайдаланушыға тиесілі) заңсыз берілген:
  • СҚО-да бір жер пайдаланушыға тиесілі 29,9 мың гектар жер жалдау мерзімі аяқталғандықтан қайтарылды;
  • Қостанай облысында 16,1 мың га заңсыз берілген.

Похожие материалы

В Татарстане организуют летний отдых для 180 тысяч детей

Особое внимание должны уделить семьям участников и ветеранов СВО, а также семьям, которые находятся в тр ...

  • 23.05.2026

РЖД восстановит мост Аргун – Ханкала после разрушительных осадков

Из сообщения компании "РЖД" в мессенджере Макс стало известно, что в Чечне началось восстановление желез ...

  • 23.05.2026

МВД лишило российского гражданства более 4,5 тыс. человек за 2,5 года

МВД России лишило гражданства РФ более 4,5 тыс. человек с октября 2023 года, сообщил начальник управлени ...

  • 23.05.2026

Польша назвала сокращение войск США предательством и нарушением обязательств

Решение Пентагона отменить отправку бронетанковой бригады в Польшу вызвало у местных властей чувство пре ...

  • 23.05.2026