Қазақстандықтарға қосымша жұмыс істеуге мүмкіндік берілді

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қазақстандықтардың бірнеше жерде жұмыс істеуіне қатысты шарттарды түсіндірді, деп хабарлайды LS.

Еңбек кодексіне сай, бір мезгілде бірнеше ұйымға жұмысқа орналасуға болады, бірақ мына талаптар орындалуы тиіс:

  • негізгі қызметте жұмыс уақыты тәулігіне 8 сағаттан аспауы керек;
  • қосымша жұмыста тәулігіне 4 сағаттан артық еңбек етуге болмайды.

Яғни, бір күндегі жалпы жұмыс уақыты 12 сағаттан аспауы тиіс.

"Еңбек кодексінің 1-бабы 1-тармағы 56) тармақшасында қоса атқару- қызметкердің негізгі жұмысынан тыс уақытта еңбек шарты негізінде басқа да тұрақты ақылы жұмысты орындауы деп анықталған. Ал 32-баптың 4-тармағына сәйкес, басқа жұмыс берушімен қосымша еңбек шартына қол қою үшін қызметкер негізгі жұмыс орнындағы қызметінің сипаты мен жағдайын растайтын анықтама (жұмыс орны, лауазымы және еңбек жағдайы көрсетілген) тапсыруы тиіс. Сондай-ақ, 68-баптың 3-тармағында негізгі және қосымша жұмыстың жиынтық ұзақтығы 71-баптың 4-тармағында көрсетілген күнделікті жұмыс уақыты нормасынан 4 сағаттан артық болмауы қажет екені белгіленген",- деп түсіндірді министрлікте.

Сонымен қатар еңбек демалысы екі жұмыс орнында да бір мезгілде беріледі.

"Қоса атқарылатын жұмыстағы жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы негізгі жұмыстағыдан қысқа болған жағдайда, қызметкердің өтініші бойынша жұмыс беруші оған демалыс ұзақтығындағы айырмашылыққа сәйкес жалақы сақталмайтын демалыс беруге міндетті",- деп толықтырды министрлікте.

Министрлік 18 жасқа толмаған азаматтарға қоса атқару арқылы жұмыс істеуге тыйым салынатынын, бұл талап тек медицина қызметкерлеріне ғана қолданылмайтынын мәлімдеді.

Бұған дейін, еңбек вице-министрі Олжас Анафин мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті жұмыс берушілердің еңбек шарттарын еңбек шарттарын есепке алу бірыңғай жүйесіне енгізуін қадағалап отырғанын хабарлаған болатын.

В Татарстане организуют летний отдых для 180 тысяч детей

Особое внимание должны уделить семьям участников и ветеранов СВО, а также семьям, которые находятся в тр ...

  • 23.05.2026

РЖД восстановит мост Аргун – Ханкала после разрушительных осадков

Из сообщения компании "РЖД" в мессенджере Макс стало известно, что в Чечне началось восстановление желез ...

  • 23.05.2026

МВД лишило российского гражданства более 4,5 тыс. человек за 2,5 года

МВД России лишило гражданства РФ более 4,5 тыс. человек с октября 2023 года, сообщил начальник управлени ...

  • 23.05.2026

Польша назвала сокращение войск США предательством и нарушением обязательств

Решение Пентагона отменить отправку бронетанковой бригады в Польшу вызвало у местных властей чувство пре ...

  • 23.05.2026