Алматы да ескі автокқліктердің қозғалысына шектеу енгізілмек

Алматыда экологиялық талаптарға сай келмейтін автокөліктер үшін ақылы аймақтар енгізу қарастырылуда. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев мәлімдеді , деп хабарлайды LS.

Медеу ауданының тұрғындарымен кездесуде әкім 2025-2027 жылдары мегаполистегі экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында ауаны ластаушы қалдықтарды азайтуға бағытталған бағдарлама жүзеге асатынын атап өтті.

"Биыл жаздан бастап алғашқы шараларды қолға аламыз. Бір бөлігі 1 шілдеден, тағы бір бөлігі 1 тамыздан бастап іске асады. Ең алдымен, автотұрақ бағасын айтарлықтай көтереміз. Бұл – әлемнің ірі қалаларында қолданылатын тәжірибе. Осы арқылы біз экологияға зиян келтіретін көліктердің санын азайтуды көздейміз", – деді әкім.

Сонымен қатар, әкімдік қоғамдық кеңес пен қалалық мәслихаттың қарауына төмен эмиссиялы аймақтар құру мәселесін ұсынбақ.

"Қалада белгілі бір аймақтарды анықтаймыз. Ең басты сұрақ – оны қалай басқару керек. Бұл жерде төлем жүйесі, сондай-ақ сол ауданда тұратын тұрғындардың жағдайы ескерілуі тиіс. Барлығын реттеп, тиімді шешім қабылдауымыз қажет. Біздің басты басымдық – жылдам жүретін қоғамдық көлікті домыту", – деді Досаев.

Оның айтуынша, метроны шығыс және батыс бағытта кеңейту, жеңіл рельсті көлік (LRT) желісін салу және басқа да инфрақұрылымдық жобалар қарастырылуда.

"Қалаға кіруді шектеу мәселесін шешу үшін алдымен қоғамдық көлік жүйесін жақсартып, жолаушылар үшін ыңғайлы жағдай жасауымыз қажет. Нью-Йоркте, мысалы, Манхэттеннің жоғарғы және төменгі бөліктерінде көлік ағынын азайту үшін ақылы жүйе енгізілген. Бірақ олар бұл шешімге ұзақ жылдар бойы дайындалды. Біз де осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Егер 2026 жылдың соңына қарай қаланың көліктік инфрақұрылымы толық жетілдірілсе, 2027 жылдан бастап алғашқы шектеулерді енгіземіз. Бірақ бұл шектеулер төлем жүйесі арқылы іске асады. Мысалы, Алматыда тіркелген көлік экологиялық стандарттарға сәйкес келмесе, ол белгілі бір аймақтарға, атап айтқанда, Шығыс айналма жолына ақылы негізде кіретін болады. Ал электромобильдер мен жаңа үлгідегі экологиялық таза көліктер үшін кіру тегін қалады", – деп түсіндірді әкім.

Бұл жүйені енгізу үшін алдымен тиісті инфрақұрылым қалыптастыру қажет. 2025 жылдың күзінен бастап интеллектуалды көлік жүйесі іске қосылып, оның аясында жаңа бастамаларды басқару және бақылау механизмдері зерттелетін болады.

Бұған дейін, қала әкімі қаладағы ретсіз автотұрақтармен күрес жүргізілетінін мәлімдеген болатын.

Казахстан на пороге цифрового скачка: ИИ может добавить к ВВП до $20 млрд

ффект от цифровизации и внедрения ИИ может составить от $14 млрд до $20 млрд к ВВП, передает LS. ...

  • 05.12.2025

17 телефонов пытались пронести в уральское учреждение УИС. Попытка провалилась

В Уральске военнослужащие воинской части 5517 Национальной гвардии совместно с сотрудниками Комитет ...

  • 05.12.2025

Бейбарыс Каблан получил поздравление от президента Казахстана

Глава государства Касым-Жомарт Токаев поздравил чемпиона мира по таеквондо Бейбарыса Каблана, пер ...

  • 03.12.2025

Казахстан представил яркий национальный стенд на международной благотворительной ярмарке

Фото: Gov Президент Северной Македонии посетила казахстанский стенд на диплома ...

  • 03.12.2025