Қазақстанда ет қымбаттады

Бұл туралы сарапшылардың баяндамасында айтылған.

2023 жылдың шілде айының соңында ет, оның ішінде ет өнімдерінің бағасы айына 0,3% және жылына 11,2% өсті. Energyprom.kz-тің зерттеуіне сай, өңірлік контексте бағаның жылдық динамикадағы өсуін елорда тұрғындары қатты сезінді: плюс 16,3%. Көшбасшы алғашқы үштікке Алматы (плюс 15,5%) және Солтүстік Қазақстан (плюс 15,2%) облыстары да кірді.

Бір қызығы, бағаның ең аз өсімі Түркістан облысында тіркелді: 5,7%.

"Ет түрлері бойынша сиыр еті 11,5%, қой еті 7,1%, шошқа еті 11,9%, жылқы еті 9,1%, қайнатылған шұжық 14,5%, жартылай ысталған шұжық 12,7% қымбаттады", — дейді мамандар.

Сонымен қатар республика бойынша дүкендер мен базарларда сиыр етінің құны орта есеппен келісіне 2,6 мың теңге, қой еті 2,8 мың теңге, шошқа еті 2,2 мың теңге, жылқы еті 3 мың теңге, қайнатылған шұжық 2,8 мың теңге, ысталған шұжық 3,3 мың теңге болды.

Сурет: Zakon.kz

Победа Ирана или обман Трампа: что не так с перемирием на Ближнем Востоке

Президент США Дональд Трамп объявил о двухнедельном перемирии с Ираном и начале переговоров ...

  • 08.04.2026

Ильсур Метшин рассказал о том, как заработал свои первые деньги

Первым местом работы нынешнего мэра Казани Ильсура Метшина был молочный завод в Нижнекамске. Об этом ...

  • 08.04.2026

Хаменеи не санкционирует соглашение с США, если они не примут условия Ирана

Верховный лидер Ирана Моджтаба Хаменеи не предоставит согласие на заключение соглашения с Соединенными Ш ...

  • 08.04.2026

В столовых Петербурга и Ленобласти нашли мясо с сальмонеллой и поддельное молоко

САНКТ-ПЕТЕРБУРГ, 8 апреля, ФедералПресс. За два года специалисты Россельхознадзора проверили 4 ...

  • 08.04.2026