Әрбір үйде Мемлекеттік ту ілініп тұруы керек – Жандарбек Мәлібекұлы

Ұлттық сәулет өнерін дамытып, кірме архитектураны ығыстырып шығару керек. Бұл туралы белгілі сәулетші, Мемлекеттік Елтаңбаның авторы Жандарбек Мәлібекұлы мәлім етті.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Қазақпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

«Елімізде мемлекеттік рәміздерді насихаттау деңгейін көтеру керек. Мемлекеттік Ту әр елді мекендегі, қалалардағы көшелерде ілініп тұруы тиіс. Әсіресе, Республика күнінде барлық жерде осы мәселеге назар аударған жөн. Әр үйде еліміздің Туы мен Елтаңбасы болғанын қалаймын. Сондықтан түрлі жиындарда осы тақырыпты көтеруге тырысамын», — деді Жандарбек Мәлібекұлы Kazinform тілшісіне берген сұхбатында.

Айтуынша, Елтаңбаның мағынасын, яғни онда бейнеленген құндылықтарды ел халқы жақсы білуі керек.

«Елтаңба – біздің идеологиялық картамыз. Онда тарихи жолымыз, сыйластық мектебіміз, ұлттық құндылықтарымыз ескерілген. Атап айтқанда, осы маңызды тақырыпты барлық деңгейде жастарымыз арасында түсіндіру маңызды», — деді Қазақстан Елтаңбасының авторы.

Сәулетші бұдан бөлек, ұлттық сәулет өнері бағытына да тоқталды.

«Қазір бізде байқалып отырған архитектура біздің ұлттық нақышты елеймей келеді. Жат архитектураның біздің дәстүрге қатысы жоқ екенін білеміз. Бұл тұрғыда ұлттық архитектураны дамыту керек деп санаймын. Ғылыми зерттеу жасау қажет. Ұлы Дала өркениетінің мәдениеті де, философиясы да бай. Сондықтан кірме архитектураны ығыстырып шығару керек», — деді Жандарбек Мәлібекұлы.

Елтаңба – елдіктің, тәуелсіздіктің, мемлекеттіліктің ерекше белгісі. Бұған дейін Қазақстанның Мемлекеттік Елтаңбасы мен оның авторлары туралы маңызды деректерді жазған едік.

Айта кетейік, Мемлекеттік Туды пайдалану ережелеріне өзгеріс енгізілетіні хабарланған болатын. Биыл қыркүйек айында ашық талқыға шығарылған Үкімет қаулысына сай, енді Туды балкондарға ілуге рұқсат етіледі.

Путин утвердил перечень поручений по итогам пресс-конференции

Президент Российской Федерации Владимир Путин одобрил список поручений на основе результатов прямой лини ...

  • 26.02.2026

Высота сугробов в Москве побила 72-летний рекорд

Уходящий месяц стал в Москве аномально снежным и занял четвертое место в списке самых снежных фев ...

  • 26.02.2026

Суд назначил казахстанскому бизнесмену 25 суток ареста за сталкинг через мобильные переводы

После блокировок в мессенджерах мужчина продолжал писать своей супруге через поле назначения платежа в ...

  • 26.02.2026

«Может когда-то стану»: Лукашенко пошутил из-за обращения коменданта Кремля

Александра Лукашенко повеселило обращение коменданта Кремля Президент Белоруссии Алексан ...

  • 26.02.2026