"Кешір мені": Дана Нұржігіттің бұрынғы күйеуі бақилық болды

Қазақстандық тележүргізуші, медиаменеджер, «Хабар» агенттігінің бұрынғы басшысы Владимир Рерих 66 жасында дүниеден озды.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

В. Рерихтің бұрынғы жұбайы Дана Нұржігіт Instagram желісінде жазды.

«Әлімнің әкесімен соңғы кездесуі екен…
Володя,Владимир,Владимир Ахмадьянович Рерих бүгін Берлинде дүниеден озды…

1996 жылы 11 наурызда танысқан өзіңмен 2000 жылдан 15 жыл отастық.
Ұлды болдық. Түсініспеген жерден мен Қазақстанда қалып, сен Германияға кеттің. Бірақ, сен менің тұлға болып қалыптасуыма,маман болып өсуіме,ана болып бала тәрбиесінде неге мән беру керектігіме зор ықпал еттің, ақылшым, сапалылық,даналық, ар,кәсібиліктің биік өлшемі болдың. Парасатың,білімің,шешендік өнерің,зиялылығың ерекше еді.

Желтоқсанда барамыз деп Берлинге билет алғаным жоспарлы сапар болған жоқ,қазан айында өзімнен өзім баланы саған апарғым келді. Соңғы кездесу боларын кім білген,Володя!
Анаң Эмма Александровна, менің аяулы енемнің қасына кеттің…
Балаң өзіңді көріп, биылғы туған күніңмен бірінші болып құттықтағаны соңғы рет екен ғой…

Мына дүниеден тыныштық таппаған,түсіністік таппаған жаның жәннәттан рахат тапсын!

Кешір мені!», — деп жазды Дана Нұржігіт.

Владимир Рерих 1958 жылы Талдықорған қаласында туған. 1987-1994 жылдары «Қазақфильм» киностудиясында режиссёрдің көмекшісі, кинохроника редакторы, хроникалық фильмдер студиясының көркемдік жетекшісі болған.

1996-2003 жылдары – «Хабар» телеарнасында бағдарламалар директоры, бас директордың орынбасары, вице-президент, бас директор болды.

Әр уақытта және түрлі телеарналарда «Майдан», «Не істеу керек?», «Тұлға формуласы» деректі фильмдерін түсірді.

2005 жылы – «Асар-Қазақстан» газетінің бас редакторы, 2006-2012 жылдары – Еуразия Медиафорумының бас продюсері, оқытушы болып қызмет еткен.

Соңғы жылдары В. Рерих Youtube платформасында авторлық жобалар жасаумен айналысты.

Губернатор Севастополя объявил об усилении мер на выпускных

В школах Севастополя выпускные мероприятия будут организованы в усеченном формате с усилением мер безопа ...

  • 22.06.2026

Под Ровно уничтожена инфраструктура, через которую шло оружие НАТО для ВСУ

Фото: Telegram-канал «Осторожно, Москва» Российские военные в ночь на текущие сутк ...

  • 22.06.2026

Татарстан табиблары Макс аша 51 меңнән артык медконсультация уздырган

Макс аша Татарстан табиблары 51 меңнән артык медицина консультациясе уздырган. моннан тыш, илебез ме ...

  • 22.06.2026

Белгеч машинаның су эчендә калуын күрсәткән эзләрне ничек табарга икәнен аңлатты

Су астында булып алган машина яңартылганнан соң да бату эзләрен сакларга мөмкин. Су кузовның эчке куыш у ...

  • 22.06.2026