"ҚазАвтоЖол" мамандары жолда қалған 50-ге жуық көлікті құтқарды

Абай облысында соңғы күндері күн райы күрт бұзылды.

Боран саларынан облыстағы кейбір жолдар жабылды. Осы күндері жол саласының мамандары күшейтілген режимде күні-түні кезекшілік атқарып жатыр.

Қар құрсауында қалған, жолдан шығып кеткен 50 ге жуық көлікті құтқарған. Олардың ішінде жолаушы тасымалдаған автобустар да бар.

Мәселен, "Қарағанды-Аягөз-Боғас" тас жолында тоқтап қалған автобусқа "ҚАЖсервис" ЖШС мамандары көмектескен.

"Алматы-Ақжар" бағытында кетіп бара жатқан көлік қатты бораннан жол шетіне шығып кетіп, бір күн бойы тұрып қалған. Көмекке ДЭУ-71 мекемесінің мамандары келген. Арнайы техникамен автобусты қар құрсауынан әрең алып шыққан. Абырой болғанда ондағы жолаушылар мен көлік жүргізушілері дін аман.

Оқыс жағдайлардың алдын алу үшін, мамандар жолаушылар мен көлік жүргізушілерін ұзақ жолға шығарда сақтық танытуға шақырады.

Сурет: " ҚазАвтоЖол " ҰҚ Абай облысындағы филиалының баспасөз қызметі

Победа Ирана или обман Трампа: что не так с перемирием на Ближнем Востоке

Президент США Дональд Трамп объявил о двухнедельном перемирии с Ираном и начале переговоров ...

  • 08.04.2026

Ильсур Метшин рассказал о том, как заработал свои первые деньги

Первым местом работы нынешнего мэра Казани Ильсура Метшина был молочный завод в Нижнекамске. Об этом ...

  • 08.04.2026

Хаменеи не санкционирует соглашение с США, если они не примут условия Ирана

Верховный лидер Ирана Моджтаба Хаменеи не предоставит согласие на заключение соглашения с Соединенными Ш ...

  • 08.04.2026

В столовых Петербурга и Ленобласти нашли мясо с сальмонеллой и поддельное молоко

САНКТ-ПЕТЕРБУРГ, 8 апреля, ФедералПресс. За два года специалисты Россельхознадзора проверили 4 ...

  • 08.04.2026