Мәсімовті қорғаштаған депутаттың үстінен іс қозғалды

Францияның Қаржы прокуратурасы депутат Хуберт Жүлиен-Лафариердің үстінен іс қозғады

Қазақ аудиториясы Лафариерді ҰҚК-ның экс-төрағасы Кәрімов Мәсімовтің сөзін сөйлеген депутат ретінде таниды. Қаңтар оқиғасынан кейін көп ұзамай қамауға алынған Мәсімов АҚШ пен Батыстағы лоббистердің көмегіне жүгінген. Соның ішінде француз депутаты айрықша көзге түскен-тұғын, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы Dalanews.kz. сайтына сілтеме жасап.

Еуропарламент мінберінде Мәсімовке араша сұрап, дабыл қаққан Лафариер “ҰҚК-ның экс-төрағасы екі оттың ортасында қалды, ол репрессияның құрбаны болды” деп мәлім еткен.

“Париждің Кәрім Қажымқанұлын абақтыдан босатып алуға пәрмені жетеді. Қаңтардан кейін қудалау көрген саяси тұтқындардың ішінде Мәсімов ісі ерекше көңіл бөлуді қажет етеді. Француз билігі Кәрімнің соты әділ өтуін қамтамасыз етуі тиіс”, – деген еді депутат.

Бұған сол тұстағы Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді жедел жауап қатып, Батыс жұртшылығы Қаңтар трагедиясының мән-жайын біле бермейтінін айтқан.

Ал Аmnesty International Мәсімовтің бертінге дейін былықтарын жіпке тізіп, оны жазықсыз жапа шеккендердің санатына қосқан депутат Лафариердің уәжін жоққа шығарған.

“Оның тұсында Қазақстанның Қауіпсіздік комитеті елдегі еркін ойлы азаматтарға күн көрсетпеді. Түрлі шпиондық бағдарламаларды пайдаланып Назарбаевтың оппоненттерін аңдумен айналысты”, – деді ұйым өкілдері.

Күні кеше Мәсімовтың сойылын соққан Лафариердің үстінен із қозғалғаны белгілі болды.

Францияның Қаржы прокуратурасы хабарлағандай Лафариер депутаттық мандатын асыра пайдаланып, Мәсімов секілді саяси репутациясы күмәнді тұлғаларға ара түскені үшін қомақты сыйақы алған. Депутаттың әрекетін Экология партиясындағы әріптестері де айыптаған.

“Мәсімов мәселесі” Лафариердің үстінен іс қозғауға түрткі болған жалғыз дау емес. Соның аясында депутаттың өзге де коррупиялық әрекеттері анықталуда. Лафариердің Париждегі кеңсесі мен пәтеріне тінту жүргізген Қаржы прокуратурасы оны жауапқа тартуға негіз болатын қағаз-құжатты тәркілеген.

“Ақордада оның Қаңтарға қатысы барын растайтын айғақ жоқ. Мәсімов Қауіпсіздік кеңесінің отырысы аяқтала сала қамауға алынды. Аш-жалаңаш күйінде, ресми айып тағылғанша Ақорданың жертөлесінде түнеді. Ас-судан айырды, табанынан сыз өтті, тиісті ем-дом көрсетілмеді…”, – деп дабыл қаққан Меркел.

GMA News: Завершена спасоперация после обрушения здания на Филиппинах

Власти Филиппин официально подтвердили завершение спасательных мероприятий на месте обрушения строящегос ...

  • 26.05.2026

Роспотребнадзор продлил горячую линию по детскому отдыху до конца мая

Роспотребнадзор продлил работу горячей линии по вопросам детского отдыха, качества и безопасности д ...

  • 25.05.2026

Минобороны сообщило об остановленной атаке дронов ВСУ

Минобороны: ПВО сбила 14 дронов Украины за 12 часов Дежурные средства противовоздушной о ...

  • 25.05.2026

Казань не попала в список мест проведения Гран-при по фигурному катанию 2026/2027

Казань впервые за много лет не попала в список городов, где состоится Гран-при России по фигурному ка ...

  • 25.05.2026