Алимент төлемей іздеуде жүрген қазақстандықтардың саны белгілі болды

Қазақстанда алимент төлемегені үшін 1 618 адам іздеуде жүр.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz -ке сілтеме жасап хабарлайды.

Комитет мәліметінше, іздеуде жүргендердің ішінде: ерлер-1476, әйелдер — 142. Іздестіруде жүргендердің көбі 31 жастан 40 жасқа дейін.

Олардың көп бөлігі:

  • Астана — 361,
  • Алматы — 191,
  • Ақтөбе — 143,
  • Қостанай — 140,
  • Жамбыл — 140,
  • Павлодар — 108,
  • Алматы — 102,
  • Маңғыстау — 59 облыстарында іздеу жарияланғандар.

2023 жылдың 9 айында СДТБТ-да алимент төлеу жөніндегі міндеттерді қасақана орындамау фактілері бойынша 427 қылмыстық іс тіркелген (қылмыстық кодекстің 139-бабы). Ал Қылмыстық кодекстің 139-бабы бойынша алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

Аймақ бойынша мұндай қылмыстық құқық бұзушылықтадың ең көп бөлігі:

  • Маңғыстау — 46,
  • Алматы (о) — 45,
  • Қостанай — 44,
  • Шығыс Қазақстан — 43,
  • Павлодар — 40,
  • Қарағанды — 35,
  • Абай — 32,
  • Ақмола — 26,
  • Солтүстік Қазақстан-21,
  • Астанада — 17 облыстарында тіркелген.

Осы кезеңде Қылмыстық кодекстің 139-бабы бойынша 207 адам сотталды.

  • 4 — бас бостандығынан айырылды,
  • 2 — шартты түрде сотталды,
  • 196 — бас бостандығын шектетілді,
  • 5 — қоғамдық жұмыстарға тартылды.

Жалпы алимент бойынша сот орындаушылардың өндірісінде алимент өндіріп алу туралы 309 670 атқарушылық іс орындауда болды.

Десант «Единой России» ознакомился с работой нового филиала детской поликлиники в Казани

Партийный десант в составе депутата Госдумы Ильи Вольфсона, председателя Комитета Госсовета по соци ...

  • 28.04.2026

Шутка с тортом на дне рождения закончилась перестрелкой, есть погибшие 28/04/2026 – Новости

Празднование дня рождения закончилось трагедией в Индии. Шутка, во время которой имениннику размазали ...

  • 28.04.2026

В Приморье на улице обнаружили фрагмент человеческого тела

фото: Общественная служба новостей Во Владивостоке на одной из улиц обнаружили фрагме ...

  • 27.04.2026

Мендель: большинство украинцев поддерживают компромисс с Россией

Изображение сгенерировано нейросетью ChatGPT Бывший пресс-секретарь Зеленского Юлия М ...

  • 27.04.2026