Семейде 300-ге жуық ішек инфекциясы тіркелді

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтылды.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Абай облысы СЭБД Семей қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Шыңғыс Чокушев хабарлады.

Оның айтуынша, тіркелген жағдайлардың басым бөлігі жекелеген оқиғаларға жатады.

- Қаладағы мектептері мен балабақшалар асханаларында топтық улану фактілері тіркелмеді. Дегенмен жаз мезгілінде тамақтан улану деректері жиілейтіні белгілі. Бұған ауа температурасының жоғарылауы, микроорганизмдердің тез көбеюі және бақша дақылдарының пісіп-жетілу кезеңі әсер етеді. Көкөніс пен жемістерді жумай жеу немесе тағамды өңдеусіз пайдалану балалар мен ересектер арасында инфекцияның көбеюіне әкеледі, — деді спикер.

Мамандардың айтуынша, қаладағы білім беру ұйымдарының асханалары мен қоғамдық тамақтану нысандарына қатаң бақылау орнатылған. Жыл басынан бері құс өнімдері мен кремді тағамдар дайындайтын кәсіпкерлерге арналған 3 семинар, сондай-ақ базарларда "Тамақтан уланудың алдын алу" тақырыбында 6 акция ұйымдастырылды. Сауда орындарында 400-ден астам көрнекі құрал таратылып, өнімдердің сапасы зертханалық тексерулерден өткізілді.

— Тексеру барысында кейбір тағамдардың сақтау шарттары талапқа сай еместігі анықталды. Бұл тағам арқылы жұғатын аурулардың негізгі көзі болып табылады, — деді басқарманың жетекші маманы Дана Төленді.

Сурет жасанды интеллект көмегімен жасалды

Индонезия готовит схемы для импорта нефти РФ в обход санкций

Изображение сгенерировано нейросетью ChatGPT Министерство энергетики и минеральных ре ...

  • 23.05.2026

В Татарстане организуют летний отдых для 180 тысяч детей

Особое внимание должны уделить семьям участников и ветеранов СВО, а также семьям, которые находятся в тр ...

  • 23.05.2026

РЖД восстановит мост Аргун – Ханкала после разрушительных осадков

Из сообщения компании "РЖД" в мессенджере Макс стало известно, что в Чечне началось восстановление желез ...

  • 23.05.2026

МВД лишило российского гражданства более 4,5 тыс. человек за 2,5 года

МВД России лишило гражданства РФ более 4,5 тыс. человек с октября 2023 года, сообщил начальник управлени ...

  • 23.05.2026