Зымыран өндірісі Байқоңырға көшеді

"Роскосмос" зымыран өндірісін "Байқоңырға" көшіру мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Бұл туралы LS-ке Цифрлық даму министрлігі хабарлады.

Цифрлық даму министрлігі екі елдің ғарыш агенттіктері "Союз-5" зымыран-тасығышының өндірісін Байқоңырға көшіру мәселесін талқылағанын растады. Ведомствоның мәліметінше, бұл бағыттағы нақты жұмыстар алғашқы сынақтық ұшырудан кейін жүргізіледі. Оның нәтижесінде зымыран мен жерүсті кешенінің техникалық сипаттамалары нақтыланбақ.

"Сынақтық ұшыру 2025 жылдың желтоқсанында өтуі жоспарланған. Ол Қазақстан мен Ресейдің бірлескен "Бәйтерек" жобасы аясында жүзеге асады. Бұл жоба 2004 жылы жасалған үкіметаралық келісім негізінде іске асырылып жатыр",- деп нақтылады министрлікте.

Құжатқа сәйкес, ресейлік тарап зымыран-тасығышты жасауға жауапты болса, қазақстандық тарап "Зенит-М" кешенінің старттық инфрақұрылымын жаңғыртып, зымыран бөлшектері құлайтын аймақтарды анықтауға міндеттелген.

Бұған дейін, LS редакциясы "Бәйтерек" кешенін салуға 60,8 млрд теңге қарастырылғанын жазған. Сондай-ақ, зымыран өндірісін Байқоңырға көшіру жоспары туралы да хабарланған еді.

США выдвинули Ирану условие для начала нового раунда переговоров в Женеве

Третий раунд переговоров между США и Ираном, вероятно, состоится в четвер ...

  • 22.02.2026

В ДУМ РТ объяснили, почему таравих-намаз состоит из 20 ракаатов

С наступлением священного месяца Рамадан мусульмане в ночное время посещают мечети для совершения т ...

  • 22.02.2026

При пожаре в Арском районе в бревенчатом доме сгорел мужчина

В Татарстане произошёл пожар, погубивший 50-летнего местного жителя. О трагедии рассказали в пресс- ...

  • 22.02.2026

Губернатор Саратовской области отменил угрозу атаки дронов

Угроза атаки беспилотных летательных аппаратов на территории Саратовской области была снята, как указано ...

  • 22.02.2026