Достарымен балық аулауға шыққан адам жоғалып кетті

10 қыркүйек күні Атырау қаласы Алмалы ауылының маңында достарымен бірге балық аулауға кеткен 1987 жылы туған Ербол Құсайыновтың үйге оралмағанын жақындары полицияға хабарлаған.


Әлеуметтік желіде бұған қатысты түрлі алыпқашпа әңгімелер тарап жатыр, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Stan.kz - ке сілтеме жасап.

"Жігіттер демалған орынға келгенде қоқыс та, тамақ пісіретін қазан да, ештеңе болмаған, құдды жылан жалағандай. Сондай-ақ Ерболдың ұялы телефонынан күдікті бейнежазба табылған. Одан қараңғыда оның ауыр тыныстаған дауысы мен достарының "мына жағынан ұста" деген сөздерін естуге болады. Достарының бәрі де бірдей сөйлеп отыр", – делінген Instagram желісіндегі жазбада.

Бірақ облыстық полиция департаменті бұл қауесеттердің бірде-бірін растамады.

"Бүгін үшінші күн құзырлы органдар жоғалған азаматты іздеу жұмыстарын жүргізуде. Іздеу жұмыстарына полиция департаменті, Төтенше жағдайлар департаменті және Ұлттық ұланның 80 сарбазы мен кинология бөліністері және сүңгуірлер жұмылдырылған. Құзырлы органдар әлеуметтік желіде түрлі алып-қашпа ақпараттарды таратпауларыңызды және де нақты жоғалған азаматқа қатысты деректер болса, "102" операторына хабарлауыңызды сұрайды", – деді департаменттің баспасөз өкілі Мейірім Ердәулет.

Туыстары жоғалған азаматты көрген адамдар болса, 8(701)4608002 нөміріне хабарласуын сұрайды.

Десант «Единой России» ознакомился с работой нового филиала детской поликлиники в Казани

Партийный десант в составе депутата Госдумы Ильи Вольфсона, председателя Комитета Госсовета по соци ...

  • 28.04.2026

Шутка с тортом на дне рождения закончилась перестрелкой, есть погибшие 28/04/2026 – Новости

Празднование дня рождения закончилось трагедией в Индии. Шутка, во время которой имениннику размазали ...

  • 28.04.2026

В Приморье на улице обнаружили фрагмент человеческого тела

фото: Общественная служба новостей Во Владивостоке на одной из улиц обнаружили фрагме ...

  • 27.04.2026

Мендель: большинство украинцев поддерживают компромисс с Россией

Изображение сгенерировано нейросетью ChatGPT Бывший пресс-секретарь Зеленского Юлия М ...

  • 27.04.2026