Бүлдіршінді подъезде зорлаған 22 жастағы педофилге сот үкімі шықты

Арыс қаласында педофилге сот үкімі шықты. Педофилге қатысты үкімді Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты жариялады.

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Түркістан қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қылмыс ағымдағы жылдың 21 мамырында Арыс қаласында орын алған. Түркістан қалалық сотының баспасөз хатшысы Әсет Серікбаев:

"Сағат 16:30 шамасында сотталушы Арыс қаласындағы пәтерінен шығып, кіреберіс есік алдында қызды көреді. Осы кезде ол жыныстық зорлық-зомбылық жасау туралы шешімге қабылдайды. Сотталушы қызды дәл сол алдында ойнап жүрген подъезге, екінші және үшінші қабаттар арасындағы алаңға апарған. Кіре берісте ешкімнің жоқтығына көз жеткізген соң, жас балаға сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық көрсеткен", — дейді .

Баланы қорлаған соң, ер адам подъезден шығып, темекі сатып алу үшін дүкенге барған.

"Бұл кезде қыздың әкесі аулада көлік жөндеп жатқан. Сотталушы дүкеннен қайтып келе жатқанда, қыз ауладағы әкесіне тамағы ауырып жатқанын айтып, болған жайтты баяндап шағымданған. Ер адам бірден ұсталды", деп қосты баспасөз қызметі.

Сотта 22 жастағы сотталушы өз кінәсін ішінара мойындап, бұл қылмысқа «жын жетелегендіктен» барғанын айтты.

Сот үкімімен сотталушы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 121-бабының 4-бөлігінде көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Өмір бойына педагогикалық қызметпен және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеу құқығынан айыра отырып, 20 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сотталушы тағайындалған жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтейді.

SHOT сообщил о подарках для военных от детей из Астрахани

Воспитанники одного из детских садов, расположенного в Астраханской области, совместно с родителями и во ...

  • 23.02.2026

Ротенберг бросил вызов сборной США по хоккею

Роман Ротенберг Ротенберг заявил о готовности к хоккейному турниру на ОИ-2030 Первый вице ...

  • 23.02.2026

Дмитриев: жители Британии заслуживают лучшего, чем принц Эндрю и Стармер

Глава РФПИ Кирилл Дмитриев высказал мнение, что жители Великобритании заслуживают лучшего, чем экс- ...

  • 23.02.2026

Три БПЛА сбили над Татарстаном в ночь на 23 февраля

В течение прошедшей ночи (с 23:00 мск 22 февраля до 7:00 мск 23 февраля) в небе над Татарстан ...

  • 23.02.2026