Абай облысында ірі есірткі тасымалдау арнасы кесілді

110 килограмнан астам марихуана тәркіленді.

Абай облысының полиция қызметкерлері ҰҚКД-мен бірлесіп, Прокуратураның үйлестіруімен еліміздің оңтүстік өңірлерінен есірткі жеткізудің тұрақты арнасын жою бойынша іс-шаралар жүргізді.

"Жедел іс-шаралар барысында автокөлікпен ірі көлемде есірткі тасымалдап бара жатқан үш жергілікті тұрғын ұсталды. Нәтижесінде 110 килограмнан астам марихуана тәркіленді, оның нарықтық құны 35 миллион теңгеден асады", — делінген хабарламада.

Аталған факті бойынша аса ірі көлемдегі есірткіні заңсыз сақтау, тасымалдау және өткізу бойынша қылмыстық топ жасаған іс-әрекетке қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аймақта есірткінің заңсыз айналымына қарсы белсенді күрес жалғасуда.

Сурет: Polisia.kz

В Татарстане организуют летний отдых для 180 тысяч детей

Особое внимание должны уделить семьям участников и ветеранов СВО, а также семьям, которые находятся в тр ...

  • 23.05.2026

РЖД восстановит мост Аргун – Ханкала после разрушительных осадков

Из сообщения компании "РЖД" в мессенджере Макс стало известно, что в Чечне началось восстановление желез ...

  • 23.05.2026

МВД лишило российского гражданства более 4,5 тыс. человек за 2,5 года

МВД России лишило гражданства РФ более 4,5 тыс. человек с октября 2023 года, сообщил начальник управлени ...

  • 23.05.2026

Польша назвала сокращение войск США предательством и нарушением обязательств

Решение Пентагона отменить отправку бронетанковой бригады в Польшу вызвало у местных властей чувство пре ...

  • 23.05.2026