Қостанай облысында жоғалып кеткен әйел мен бала үсіп қалған

Қостанай облысындағы ауыл шетінен әйел мен баланың мәйіті табылды.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz - ке сілтеме жасап хабарлайды.

Бұған дейін 68 жастағы әйел мен 11 жастағы қызға іздеу жарияланған болатын. "Наша газета"басылымы мәліметінше, олар 26 желтоқсанда таңертең Степное ауылынан шығып, үйіне оралмаған. Полицейлер мен еріктілер жоғалғандарды бір тәуліктен аса уақыт іздеді. Іздеу жұмыстарына 120-дан аса адам тартылып, кинологтар жұмылдырылған.

27 желтоқсанда полиция Степное ауылы шетінен жоғалғандардың мәйіті табылғаны туралы хабарлады. Tengrinews.kz тілшісіне Қостанай облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі берген мәлімет бойынша, оқиғаның мән-жайын анықтау үшін оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.

"Жоғалған 68 жастағы әйел мен 11 жастағы қызды табу мақсатында жүргізілген іздестіру шаралары барысында олардың тұрғылықты жерінен, ауылда үсіп қалған денесі табылды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, нәтижесі кейін белгілі болады", — деді Қостанай облысы ПД іздестіру бөлімінің бастығы.

Облыстық полицейлер қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты. Полицейлер жоғалған әйел мен қызды іздеуге қатысқандардың барлығына да алғысын білдірді.

В ЕС ответили на угрозы Шойгу: Европа проглядела «воздушный коридор» для ВСУ

МОСКВА, 18 апреля, ФедералПресс. Еврокомиссия (ЕК) не увидела доказательств того, что украинск ...

  • 17.04.2026

В Магнитогорске хозяин спустя два месяца нашел своего огромного, но доброго алабая

ЧЕЛЯБИНСК, 17 апреля, ФедералПресс. Счастливо закончилась история двухмесячных поисков огромно ...

  • 17.04.2026

Песков сообщил о подготовке визита Путина в Китай

@ Alexander Zemlianichenko/AP/ТАСС Глава МИД Сергей Лавров отметил, что решен ...

  • 17.04.2026

Силы ПВО сбили за неделю 1665 беспилотников ВСУ

Министерство обороны Российской Федерации сообщило, что за прошедшую неделю российские силы противовозду ...

  • 17.04.2026