1 ақпаннан бастап Қазақстанда қандай маңызды өзгерістер болады? 01 февраля 2024, 11:10

1 ақпаннан бастап Қазақстанда бірқатар өзгерістер болады. Massaget.kz тілшісі елдегі маңызды өзгерістерге шолу жасады.

Балаларға қордан ақша бөліне бастайды

1 ақпаннан бастап балаларға Ұлттық қордан қаржы бөліне бастайды. Бұл туралы Қаржы министрлігі өкілдері мәлімдеген еді.

«2024 жылы алдын ала есептеу бойынша 250 мыңнан аса жас қазақстандық оқу ақысын төлеу немесе тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін Ұлттық қордың қаражатын пайдалана алады», — деген еді ведомство өкілдері.

pixabay.com

«Елорда жастары» бағдарламасына өтінімдер қабылданады

1 ақпанда Астанада «Елорда жастары» атты жеңілдетілген несиелеу бағдарламасына қатысуға өтінімдерді қабылдау басталады.

Ол үшін birge.astana.kz сайты арқылы 1 ақпан сағат 9:00-ден 6 ақпан сағат 23:59-ға дейін өтінімдер қабылданады.

©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Ақпанның басында Алматыда жолда жүру шектеледі

Алматыда Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысы өтуіне байланысты 1-2 ақпанда жолда жүруге шектеу енгізіледі:

1 ақпанда әл-Фараби даңғылы, ШААЖ, Құлжа тасжолы, Саин, Шаляпин, Майлин, Бұқтырма көшелері; 2 ақпанда әл-Фараби, Сейфуллин даңғылдары, Саин, Жароков, Шаляпин көшелері.

©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

Запастағы офицерлер әскери қызметке шақырылады

Запастағы офицерлер екі жыл мерзімге әскери қызметке шақырылады. Қарулы күштерге 600 адамды, ҰҚК Шекара қызметіне 80 адамды, ІІМ Ұлттық ұланға 42 адамды және ТЖМ-ге 30 адамды шақыру жоспарланып отыр. Құжатқа сәйкес 2024 жылы 752 запастағы офицер шақырылады.

Қаулы 9 ақпаннан бастап күшіне енеді.

Бес медициналық препаратқа тыйым салынды

Қазақстанда бес медициналық препаратқа тыйым салынды. Үкімет қаулысымен бақыланатын есірткі құралдарының, психотроп заттар мен прекурсорлардың тізіміне өзгерістер енгізілді. Ал тиісті қаулы 6 ақпаннан бастап күшіне енеді.

Оқушылар демалысқа шығады

8 қаңтарда мектептерде ІІІ тоқсан басталды. Ал ақпанда 1-сынып оқушылары үшін қосымша каникул болады. Мұндай каникул жыл сайын беріледі. Биыл ол 7 күнге созылады, яғни 5 ақпаннан 11 ақпанға дейін болады.

Ақпанда ауа райы қандай болады?

Жалпы қыста Қазақстанның барлық аумағында ауа температурасы климаттық нормадан 1-2 градус жоғары болады. Соның ішінде ақпанда еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын нормаға жақын немесе одан жоғары болады.

Ақпанда қазақстандықтар қанша күн демалады?

Биыл ақпанда 29 күн болады, оның ішінде 8 күн демалыс, 21 жұмыс күні бар.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Казахстан на пороге цифрового скачка: ИИ может добавить к ВВП до $20 млрд

ффект от цифровизации и внедрения ИИ может составить от $14 млрд до $20 млрд к ВВП, передает LS. ...

  • 05.12.2025

17 телефонов пытались пронести в уральское учреждение УИС. Попытка провалилась

В Уральске военнослужащие воинской части 5517 Национальной гвардии совместно с сотрудниками Комитет ...

  • 05.12.2025

Бейбарыс Каблан получил поздравление от президента Казахстана

Глава государства Касым-Жомарт Токаев поздравил чемпиона мира по таеквондо Бейбарыса Каблана, пер ...

  • 03.12.2025

Казахстан представил яркий национальный стенд на международной благотворительной ярмарке

Фото: Gov Президент Северной Македонии посетила казахстанский стенд на диплома ...

  • 03.12.2025