48 млн теңге түскен — Пойыз қызметкерлерін бопсалап келген «блогер» ұсталды

Көліктегі полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде бұрын алаяқтық жасағаны үшін бірнеше рет сотталған Семей тұрғыны ұсталды.

Ол бірнеше жыл бойы өзін “блогер” ретінде таныстырып, Семей арқылы ішкі және халықаралық бағыттар бойынша жүретін жолаушылар пойызының қызметкерлерін масқаралайтын бейнематериалдарды жариялаймын деп қорқытып, ақша бопсалап келген, – деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Күдікті жолаушы сияқты пойызға отырып, өзінің жеке пайдасы үшін жолаушылар тасымалы саласындағы бұзушылықтарды телефонына түсіріп, ақша бопсалауға пайдаланған.

— Бұл қылмыс ұзақ уақыт бойы полиция қызметкерлерінің назарынан тыс қалды, себебі жәбірленушілер қорқып, құқық қорғау органдарына жүгінбеген. Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасына «сигналдар» түсе бастағаннан кейін ғана күдіктінің заңсыз әрекеттеріне тосқауыл қойылды. Қаскөй ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды, — деді ҚР ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша жолаушылар пойыздарының 60-тан астам қызметкері жәбірленуші ретінде танылды. Алдын ала тергеу нәтижесі бойынша ұсталған адамның банк шоттарына 2021 жылдан бері 48 млн теңгеден астам қаражат түскені анықталды.

Қылмыстық іс сотқа жіберілді.

В Южной Осетии нашли тело пропавшей российской женщины-режиссера

@ Eric Lee/CNP/Global Look Press Удивительно не то, что Тулси Габбард ушла с ...

  • 24.05.2026

Глава РСПП призвал усилить значимость арктических маршрутов России

На фоне напряженной ситуации в Ормузском проливе, Россия должна прилагать максимальные усилия для повыше ...

  • 24.05.2026

Симоньян уверена, что песни о победе зазвучат на российских улицах совсем скоро

МОСКВА, 24 мая, ФедералПресс. Главный редактор международной медиагруппы «Россия сегодня» и те ...

  • 24.05.2026

Индонезия готовит схемы для импорта нефти РФ в обход санкций

Изображение сгенерировано нейросетью ChatGPT Министерство энергетики и минеральных ре ...

  • 23.05.2026