Елде пайдалы қазбалар барлануда

Жер қойнауын пайдаланушылар Қазақстанда минералдар іздеуге миллиардтаған теңге жұмсайды. Бұл туралы LS-ке өнеркәсіп және құрылыс министрлігінде хабарлады.

Министрліктің мәліметінше, биылғы жылы қатты пайдалы қазбаларды барлауға 545 лицензия берілген. Оның ішінде екеуі — өткізілген аукциондар арқылы. Олар "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Кодекске сәйкес қатарынан алты жылға беріледі. Министрлік өз кезегінде процесті бақылауға алған.

Министрлік қазіргі уақытта геологиялық барлаумен Rio Tinto, Fortescue, Cove Capital, Eczacibasi Holding, "Қазақмыс"корпорациясы, ERG Exploration және т. б. сияқты ірі компаниялар айналысатынын атап өтті.

"2018 жылдан 2024 жылға дейін жер қойнауын пайдаланушы компанияларға жер қойнауын зерттеуге 301 лицензия берілді. Ұйымдардың жоспарында көрсетілген жұмыстардың жобалық құнын талдауға сәйкес, жерді зерттеуге жұмсалған шығындардың жалпы құны 136 млрд теңгеден асты. Ағымдағы жылы берілген лицензиялар бойынша инвестициялар көлемі келесі жылы айқындалатын болады",- деп хабарлады министрлікте.

Компаниялар қаржы құюдан басқа, бюджетке 248 млн теңгеден астам қол қою бонусын төлегенін қосты.

Бұған дейін, LS редакциясы Қазақстанда мұнайдың жаңа қорлары ізделіп жатқанын хабарлаған болатын.

В Татарстане организуют летний отдых для 180 тысяч детей

Особое внимание должны уделить семьям участников и ветеранов СВО, а также семьям, которые находятся в тр ...

  • 23.05.2026

РЖД восстановит мост Аргун – Ханкала после разрушительных осадков

Из сообщения компании "РЖД" в мессенджере Макс стало известно, что в Чечне началось восстановление желез ...

  • 23.05.2026

МВД лишило российского гражданства более 4,5 тыс. человек за 2,5 года

МВД России лишило гражданства РФ более 4,5 тыс. человек с октября 2023 года, сообщил начальник управлени ...

  • 23.05.2026

Польша назвала сокращение войск США предательством и нарушением обязательств

Решение Пентагона отменить отправку бронетанковой бригады в Польшу вызвало у местных властей чувство пре ...

  • 23.05.2026