Қазақстанда мектептердің рекордтық саны салынды

Оқушы орны тапшылығы мен білім инфрақұрылымын жақсарту мәселесі шешілуде.

Оған осы уақыт аралығында қолданысқа берілген мектептердің рекордтық саны ықпал етті – жарты миллион оқушы орнына арналған 422 мектеп салынды.

Қазіргі таңда елімізде 8000-ға жуық орта білім беру ұйымы бар. Соңғы 10 жылда оқушы саны 1 миллион астам балаға өсіп, 3,9 миллионды құрады.

Оқушы орындарының тапшылығы, үшауысымды оқыту және апаттық мектептер мәселесін шешу, сондай-ақ қалалар мен ауылдар арасындағы білім беру инфрақұрылымы сапасының айырмашылығын төмендету мақсатында елімізде мектеп құрылысын жүргізу және реновациялау бойынша бірқатар бастамалар қарқынды іске асырылуда.

"Мектептердің құрылысы "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында, республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен, Білім беру инфрақұрылымын қаржылай қолдау қоры арқылы және жеке инвесторлар есебінен жүзеге асырылуда. Биылғы жылы елімізде 300 мың орындық 200-ге жуық мектептің құрылысы жүреді. Бұл шаралар 2026 жылға дейін оқушы орнының тапшылығын толықтай жоюға мүмкіндік береді", — дейді инфрақұрылымды дамыту департаментінің директоры Роза Сембаева.

Орта білім беру ұйымдарының инфрақұрылымын жақсарту мақсатында 2023-2024 жылдары 464 мектеп күрделі жөндеуден өтті. 2024 жылдың көктемінде су тасқыны салдарынан зардап шеккен 35 нысан қалпына келтірілді. 2039 мектеп 3130 заманауи пәндік кабинетпен (робототехника, химия, биология, физика, STEM) жабдықталды.

Атап өту керек, мемлекет жаңа оқушы орындарын ашу және балалар үшін жайлы жағдай жасау бойынша кешенді шаралар қабылдауда. Бұл еліміздің барлық өңірінде білім инфрақұрылымын дамытып қана қоймай, балалардың сапалы білім алуға қолжетімділігін арттырады.

Сурет: ашық дереккөздерден

Губернатор Саратовской области отменил угрозу атаки дронов

Угроза атаки беспилотных летательных аппаратов на территории Саратовской области была снята, как указано ...

  • 22.02.2026

Минвостокразвития поддержало строительство ТЛЦ на Чукотке

В Чукотском автономном округе планируется возведение новых торгово-логистических комплексов, что охватит ...

  • 21.02.2026

Вместо рассыпчатого печенья пеку бисквитное: немного сметаны в тесто — и выпечка воздушная

Вместо рассыпчатого печенья пеку бисквитное. Секрет мягкости прост: немного сметаны в тесто ...

  • 21.02.2026

Российский лыжник Коростелев занял пятое место в марафоне на Олимпиаде

Шестое золото подряд завоевал норвежец Клебо Российский лыжник Савелий Коростелев занял пятое мест ...

  • 21.02.2026