Астананың 28 мектебінде қазақ күресі вариативті пән ретінде оқытылады

Бұндай жаңашылдық Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен еңгізілді.

Ұлттық спорт түрін пән ретінде оқыту ең алғаш 2021 жылы Астана қаласындағы мектептерде апробациядан өтті. Сондай-ақ Назарбаев Зияткерлік мектептерімен бірге 2020-2021 оқу жылына арналған қазақ күресін дамыту жөніндегі іс-шаралардың бірлескен жоспары әзірленіп, жүзеге асырылды.

Пилоттық жоба тиімділігімен танылып, жақсы нәтиже көрсетті. Осының арқасында бүгінде Астананың 28 мектебінде қазақ күресі вариативті пән ретінде оқытылады.

Айта кету керек, елімізде қазақ күресімен жүйелі түрде айналысатын отандастарымыздың саны 159 мыңға жетті. Бүгінгі таңда 4427 қазақ күресі үйірмесі жұмыс істейді. Мәдениет және спорт министрлігі ұлттық спорт түрін дамыту бағытындағы кешенді жұмыстың нәтижесінде бұл көрсеткішті одан әрі арттыруға ниетті.

"Қазақ күресі әсіресе аудандарда, ауылдарда қарқынды дамып жатыр. Себебі бұл шығыны аз, көпшілік үшін қолжетімді спорт түрі саналады. Бірақ біз қала жастарын да ұлттық спорт түріне баулу мақсатында жұмыс істеп жатырмыз. Қазақ күресіне тек күрес түрі ғана емес, жастарымыздың жігіттік болмысын қалыптастыратын тәрбие құралы ретінде қарау керек. Осы орайда ұлттық спорт түрін мектеп бағдарламасына енгізудің маңызы өте жоғары",- деді ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Ербол Мырзабосынов.

Сурет: ашық дереккөздерден

Маркетплейсам запретили продавать крем популярной французской марки: может вызвать рак

МОСКВА, 9 апреля, ФедералПресс. В России пытаются ограничить продажи крема от прыщей популярно ...

  • 08.04.2026

Победа Ирана или обман Трампа: что не так с перемирием на Ближнем Востоке

Президент США Дональд Трамп объявил о двухнедельном перемирии с Ираном и начале переговоров ...

  • 08.04.2026

Ильсур Метшин рассказал о том, как заработал свои первые деньги

Первым местом работы нынешнего мэра Казани Ильсура Метшина был молочный завод в Нижнекамске. Об этом ...

  • 08.04.2026

Хаменеи не санкционирует соглашение с США, если они не примут условия Ирана

Верховный лидер Ирана Моджтаба Хаменеи не предоставит согласие на заключение соглашения с Соединенными Ш ...

  • 08.04.2026