Павлодарда 8 сынып оқушысы өгей әкесінен жүкті болған

Павлодар облысында 8-сынып оқушысының жүкті болып қалғаны үшін ауыл мектебінің мұғалімдері жазаланды.

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Massaget.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Кәмелетке толмаған баланың жүктілігі үшін мектеп директоры, орынбасары және сынып жетекшісі қатаң сөгіс алды. 8-сынып оқушысының жүкті болғанына 25 апта өткен. Оның жүкті екенін сынып жетекшісі байқаған.

Павлодар аудандық білім бөлімі өкілдері:

"Қыз мектепке қыркүйекте келді, кейін қазан бойы ауырды. Қарашада сабаққа келгенде сынып жетекшісі өзгерістерді байқай бастады. Бірақ баламен мұндай жағдай болуы мүмкін деп ешкім ойлаған жоқ. Мұғалім мұқият бақылаған, қыздың іші шығып кеткенін көргенде, дереу анасын шақырып, ауруханаға барып, баланың жүкті екенін анықтады", — деп хабарлады.

Оқиға туралы мұғалімдер полиция мен прокуратураға хабарлаған. Білім бөлімі мәліметінше, берекелі отбасы болған, қызды өгей әкесі тәрбиелеген.

Білім басқармасы өкілдері:

"Ауруханада қыздан сұрағанда өгей әкесін көрсетті. Сол күні ер адам ұсталды. Қазір мектеп директорына, орынбасарына және сынып жетекшісіне тәрбие жұмысын нашар жүргізгені үшін қатаң сөгіс жарияланды", — деді.

Полиция күдіктінің ұсталғанын растады.

"Бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 120-бабының 4-бөлігі бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, күдікті қамауға алынды. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер айтылмайды", — деп түсіндірді облыстық полиция қызметкерлері.

Кәмелетке толмаған балаға зорлық-зомбылық жасағаны үшін ер адам 20 жылға немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Мектеп оқушысы қашықтан оқытуға көшті.

Путин: генетика и ИИ трансформируют экономику и общество

Президент РФ Владимир Путин отметил, что достижения в области генетики и IT-индустри ...

  • 25.02.2026

Путин надеется, что бюрократия не помешает появлению новых вакцин

Президент России Владимир Путин выразил надежду на то, что разработка новых вакцин и биотехнологий в стр ...

  • 25.02.2026

Малые нефтяные компании Татарстана добыли почти 7 млн тонн нефти в 2025 году

Среднегодовая цена на нефть марки Urals составила 55,6 долларов за баррель, а в январе 2026 ...

  • 25.02.2026

Юрист развеяла миф о потере квартиры из-за долгов по ЖКХ

Юрист Чижова: квартиру за долги по ЖКУ отнимут, только если она у вас не одна Россиянам, ...

  • 25.02.2026