Қазақстанда жеке куәліктердегі ақпарат өзгереді

ҚР азаматының жеке куәлігінде адамның жынысы туралы ақпаратты визуалды аймақта көрсету ұсынылады.

"Қазақстан Республикасының азаматы жеке куәлігінің беткі жағында Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі иесінің фотобейнесі, қолы және дербес деректері: тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні, жынысы және жеке сәйкестендіру нөмірі орналасады.",- делінген құжатта.

Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің беткі жағында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы және қазақ және орыс тiлдерiнде мынадай жазулар орналасады:

  • "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
  • РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН
  • ЖЕКЕ КУӘЛІК
  • УДОСТОВЕРЕНИЕ ЛИЧНОСТИ
  • ТЕГІ/ФАМИЛИЯ
  • АТЫ/ИМЯ
  • ӘКЕСІНІҢ АТЫ/ОТЧЕСТВО
  • ТУҒАН КҮНІ/ДАТА РОЖДЕНИЯ
  • ЖЫНЫСЫ/ПОЛ
  • ЖСН/ИИН".

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің сыртқы жағында штрих-код түрінде кодталған ЖСН, микросхеманың байланыс бөлігі, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі иесінің туған жері, ұлты және азаматтығы туралы дербес деректері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін берген орган, берілген күні және қолданылу мерзімі туралы мәліметтер орналасады.

ҚР азаматының жеке куәлігінде ұлты ҚР азаматының жеке куәлігі иесінің қалауы бойынша көрсетіледі.

Жеке куәліктің артқы жағы мынадай екі бөліктен тұрады:

жоғарғы бөлігі – көрнекі аймақ, онда штрих код түрінде кодталған ЖСН, микросхеманың байланыс бөлігі және қазақ және орыс тілдеріндегі мынадай жазулар орналасады:

  • ТУҒАН ЖЕРІ/МЕСТО РОЖДЕНИЯ
  • ҰЛТЫ/НАЦИОНАЛЬНОСТЬ
  • АЗАМАТТЫҒЫ/ГРАЖДАНСТВО
  • БЕРІЛГЕН КҮНІ – ҚОЛДАНЫЛУ МЕРЗІМІ/ДАТА ВЫДАЧИ – СРОК ДЕЙСТВИЯ
  • БЕРГЕН ОРГАН/ОРГАН ВЫДАЧИ

төменгі бөлігі – машинамен оқылатын аймақ, онда машинамен оқылатын жол жүру құжаттарына қойылатын халықаралық талаптар мен стандарттарға сәйкес осы құжаттағы негізгі ақпарат қамтылған әріптер мен цифрлардың комбинациясынан тұратын, машинамен оқылатын жазу орналасқан.

Опубликованы кадры с места частичного обрушения жилого дома в Сызрани

Последствия атаки дрона ВСУ в Сызрани сняли на видео, кадрами поделился ТАСС. В результате ...

  • 22.04.2026

Ликсутов отметил роль "Технополиса Москва" в российско-китайских проектах

В рамках рабочего визита в Шанхай заместитель мэра Москвы Максим Ликсутов сообщил ТАСС о возможностях ра ...

  • 21.04.2026

МЧС России эвакуировало 73 граждан из Ливана на родину

Сотрудник департамента международной деятельности МЧС России, Александр Кривошей, сообщил, что все гражд ...

  • 21.04.2026

Словакия поддержит санкции против РФ после того, как заработает "Дружба"

Министр иностранных дел Словакии, Юрай Бланар, заявил о намерении страны поддержать введение нового паке ...

  • 21.04.2026