Қазақстандықтар қарттығына қанша жинады

Алматылықтардың зейнетақы жинақтары 4 трлн теңгеден асты, деп хабарлайды LS.

Ұлттық банктің мәліметінше , 2024 жылдың 1 қарашасында БЖЗҚ-ға түскен аударымдар 20,7 трлн теңгеге жетті.

Міндетті жарналар бойынша жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) саны 11,1 млн.

Жинақтардың ең көп көлемі 31 жастан 40 жасқа дейінгі салымшыларда – 6,02 трлн теңге. Осы топқа жататын ЖЗШ саны 3 млн-нан асады.

Бұдан кейін 41 жастан 50 жасқа дейінгі қазақстандықтар – 5,95 трлн теңге (2,4 млн шот). Сондай-ақ, 51 жастан 60 жасқа дейінгі азаматтар көп ақша жинаған – 5,2 трлн теңге, ЖЗШ саны 2,06 млн.

Ең аз зейнетақы жинақтары егде жастағы тұрғындарда. Атап айтқанда, 71-80 жастағы салымшылардың шоттарында 8,9 млрд теңге (97,6 мың шот), 81 жастан асқан адамдарда – 1,6 млрд теңге (47,1 мың шот) бар.

Зейнетақы шоттарындағы ақшаның негізгі үлесі алматылықтарда – 4,1 трлн теңге. Екінші орында – Астана, 2,3 трлн теңге, үшінші орында – Қарағанды облысы – 1,6 трлн теңге. Бұл ретте ең аз қаражат жинаған аймақтар Ұлытау облысы мен Алматы облысының тұрғындары – тиісінше 127,7 млрд теңге және 175,7 млрд теңге.

За день над Россией сбили еще свыше 300 БПЛА – дроны уничтожали и на пути к Москве

Силы ПВО России продолжают отбивать массированную атаку дронов ВСУ. С 07:00 до 20:00 над регионами ст ...

  • 06.06.2026

Застрявший в Китае российский подросток вылетел домой

Застрявший в аэропорту Гуанчжоу российский подросток вылетел в Москву Российский подрост ...

  • 06.06.2026

Зампред КНР Хань Чжэн прибыл с визитом в Белоруссию

Изображение сгенерировано нейросетью ChatGPT Шестого июня заместитель председателя Ки ...

  • 06.06.2026

Развожаев назвал число пострадавших после атаки ВСУ на Севастополь

Военнослужащий ВСУ Развожаев: два человека пострадали после атаки ВСУ на Севастополь Восе ...

  • 06.06.2026