«Жастары есімде қалған жоқ”: Дарын Мубаров төрт әйелінен қанша ұрпақ сүйгенін айтты

Дарын Мубаров TALK LIKEбағдарламасында 31 баласы барын айтты.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Massaget.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Бағдарлама мәліметінше, Дарын Мубаровтың төрт әйелі бар, бірінші жұбайымен 19 жасында шаңырақ көтерген.

"Жастары есімде қалған жоқ. Дінде жүргеннен кейін мендегі сезім мынадай екен: бірінші шариғатты қоямын, шариғаттан кейін ақыл тұрады, одан кейін сезім тұрады. Сезімі жоқ адам деген емес. Сезім болады ғой. Екінші жолдасымды алуға бірінші жолдасым себеп болды. Қарағандыда сабақ беріп жүрген кезде свет төлей алмай қаласың, қиналасың ғой. Келіншегім базарда тұрып жұмыс істеу керек болып қалды. Мен медреседе сабақ беруім керек болып қалды. Жұмыс істеп жүрген кезде қасында мұсылман қарындаспен сөйлеседі. Әңгімеден әңгіме тереңдеп кетіп, "иә, жолдасыңызды танимын, шығуға келісімімді берер едім" дейді. Қарасам, жас қыз екен. Текті, түрі — бәрі бар. Туған-туысқандары да мықты. ...Біраз ойландым. Кейін келісімге келдік. "Әкеңнің алдынан өтеміз" дедім. Ол кісі келісті. ...Әрқайсының өз себептері болды, сөйтіп алдық ", — дейді ол.

Аман Тасыған Дарын Мубаровқа "Уағызыңызда 20 балам бар, 17-сі өзімнен, үшеуі әйелдерімнің артынан келген деп айттыңыз ғой. 20-мен тоқтаттыңыз ба" деген сұрақ қойды.

"Ол тоқтамайды ғой. Аллахтың қалауымен болатын нәрсе. Қазір балаларымның саны — 31. Бәрін қосқанда. Аналарымен ілесіп келген үш балам бар, олар да өз баламдай болып кеткен, өте жақсы көремін. Әкелері жол апатынан қайтыс болған. Аналарын үш баласымен алғанмын. Өзімнің белімнен тарап отырғаны — 28 бала", — дейді Дарын Мубаров.

От яиц до топлива и хозтоваров: стало известно, что в Татарстане за год подорожало сильнее всего

В Татарстане в апреле 2026 года по сравнению с аналогичным периодом 2025-го сильнее всего подорожали ...

  • 27.05.2026

Конституционный суд запретил взыскивать со страховщиков за ремонт сверх лимита

Конституционный суд принял решение, которое давно ожидалось на страховом рынке, поддержав «Т-страхование ...

  • 27.05.2026

Языковой омбудсмен Ивановская: Украинского депутата оштрафовали за русский язык

Фото: пресс-служба кабмина Украины Украинского депутата оштрафовали за использование ...

  • 26.05.2026

Родственники гадалки Ермака продали все имущество и поселились в РФ

Изображение сгенерировано нейросетью ChatGPT Семья таролога и астролога Вероники Аник ...

  • 26.05.2026