Қазақстандықтар қайда көшіп жатыр

Қазақстандықтардың Алматыдан өңірлерге қоныс аудару үрдісі жиілеп келеді, деп хабарлайды LS.

2024 жылы 1,5 млн-нан астам адам тұрғылықты жерін ауыстырған. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 47,5%-ға көп.

Оның ішінде өңірлер ішінде 820,8 мың қазақстандық көшкен (+48,7%), ал облыс ауыстырғандар саны – 689,5 мың адам (+46,2%).

Өңіраралық көші-қонға көз жүгіртсек, қазақстандықтардың көбісі Астанаға қоныс аударған – 150,9 мың адам (+46,7%).

Сондай-ақ , көшу үшін тартымды қалалар қатарында Алматы – 129,4 мың адам (+37,7%), Алматы облысы – 80,3 мың (+1,5 есе) және Шымкент – 68,4 мың (+1,5 есе) бар.

Аталған өңірлерде көші-қон сальдосы оң көрсеткішке ие: +73,2 мың адам, +36 мың, +2,6 мың, +9,3 мың сәйкесінше.

Ал басқа өңірлерде халық санының азаюы байқалады, әсіресе Түркістан (-31,9 мың адам) және Жамбыл (-16,6 мың адам) облыстарында тұрғындардың көшу қарқыны жоғары.

Қазақстандықтар ең көп қоныс аударатын өңірлердің алғашқы үштігіне Алматы (93,3 мың адам, +1,6 есе), Түркістан облысы (92,5 мың, +47,7%) және Астана (77,7 мың, +47%) енеді.

Сыртқы көші-қонға келер болсақ, өткен жылы 12,7 мың адам елден кеткен. Олар көбінесе тұрақты тұру үшін Германия, Ресей және АҚШ-ты таңдаған.

США выдвинули Ирану условие для начала нового раунда переговоров в Женеве

Третий раунд переговоров между США и Ираном, вероятно, состоится в четвер ...

  • 22.02.2026

В ДУМ РТ объяснили, почему таравих-намаз состоит из 20 ракаатов

С наступлением священного месяца Рамадан мусульмане в ночное время посещают мечети для совершения т ...

  • 22.02.2026

При пожаре в Арском районе в бревенчатом доме сгорел мужчина

В Татарстане произошёл пожар, погубивший 50-летнего местного жителя. О трагедии рассказали в пресс- ...

  • 22.02.2026

Губернатор Саратовской области отменил угрозу атаки дронов

Угроза атаки беспилотных летательных аппаратов на территории Саратовской области была снята, как указано ...

  • 22.02.2026